Гимнаст Ақмарал Ерекешева әлем чемпионатында үздік бестікке енді

Сурет: olympic.kz
Қазақстандық гимнаст Ақмарал Ерекешева Германияның Франкфурт-на-Майне қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бүгін, 16 тамызда спортшы таспамен және ұршықтармен орындалатын жаттығулардың финалында өнер көрсетті.

Ұршықтармен орындалатын жаттығуда қазақстандық гимнаст 29.400 ұпай жинады. Нәтижесінде Ерекешева бесінші орынға ие болды.

Ал таспамен орындалатын жаттығуда төрешілердің шешімімен 27.350 ұпай иеленді. Осылайша Ақмарал сегізінші орын алды.

Айта кетейік, Ақмарал Ерекешева үшін бұл ересектер арасындағы алғашқы әлем чемпионаты болды. Бұған дейін ол жекелей көпсайыста алтыншы орын алған еді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін