"Коло-Коло" сапында дебют жасаған Возинья қақпаға бір де бір допты дарытпады

Сурет: pixabay
27 тамызда, таңертең "Коло-Коло" футбол клубы Чили кубогы топтық кезеңінің алтыншы туры аясында өз алаңында "Унион Эспаньола" командасын қабылдап, оларды 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл матчта "Коло-Коло" сапында ұзақ үзілістен кейін ақыры Кабо-Верде құрамасының 40 жастағы қақпашысы Возинья төбе көрсетіп, дебют жасады.

2026 жылғы әлем чемпионатының ең танымал қақпашысы жаңа клубы сапындағы алғашқы матчында-ақ бір сейв жасап, қақпасына гол өткізбей сәтті өнер көрсетті.

Возинья "Мәңгі чемпиондар" сапына алынғанына бір айға жуық уақыт болғанымен, қағазбастылық пен жеке жағдайлар оның алаңға шығуына кедергі келтіріп, аяғына тұсау болып келген.

Алайдa ақыры ол дебют жасап, әріптестерімен бірге өздерін тамаша қырынан көрсете білді.

Возиньяның жуырда өткен мундиальдағы өнері оған алаңда да, алаң сыртында да үлкен атақ әкелді. Әлеуметтік желідегі оның оқырмандары саны бір сәтте шарықтап кетті: турнирге дейін оның парақшасын қолданушылар саны 48 000 болса, қазір бұл көрсеткіш 29 миллионнан асады.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін