Қазақстан әйелдер құрамасы хоккейден Азия чемпионатына қатысады
Сурет: olympic.kz
15-18 қазан аралығында Жапонияның Саппоро қаласында әйелдер арасында хоккейден Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жарысқа Қазақстан, Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея құрамалары қатысады. Турнир айналмалы жүйе бойынша өтіп, әр команда үш кездесу өткізеді.
Қазақстан құрамасы 15 қазанда Жапонияға қарсы ойнайды. Одан кейін 17 қазанда Қытаймен, 18 қазанда Оңтүстік Кореямен кездеседі.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript