Хоккейден Қазақстанның әйелдер құрамасы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Хоккей, Қазақстан, әйелдер құрамасы, Жапония, Азия чемпионаты, қола медаль, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.10.2026 12:38 Сурет: olympic.kz
Қазақстанның әйелдер құрамасы Жапонияның Саппоро қаласында өткен Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы 2026 жылғы 18 қазанда ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Турнирдің соңғы матчында қазақстандық хоккейшілер Оңтүстік Корея құрамасын 5:1 есебімен жеңіп, үшінші орынға ие болды", делінген хабарламада.

Бұған дейін ұлттық құрама Жапонияға (0:4) және Қытайға (1:2) есе жіберіп алған болатын. Енді осы құрамалар Азия чемпионатының "алтынына" таласатын болады.

Бұған дейін америкалық "Интер Майами" футбол клубы МЛС тұрақты чемпионаты аясында сырт алаңда "Атлантаны" 3:1 есебімен тізе бүктіргенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: