Әйелдер күресі: Зейнеп Баянова Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды

Азия чемпионатында ел қоржынына алғашқы медаль түсті, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2025 21:16 Сурет: СДД
Қазақстан құрамасының спортшысы Зейнеп Баянова әйелдер күресінен Иорданияның Амман қаласында өткен Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық спортшы 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде құрлықтық біріншілікті үшінші орынмен аяқтады.

Қола медаль үшін өткен белдесуде Зейнеп моңғолиялық Отгонтуи Чинболдты 10:4 есебімен жеңді.

Айта кетейік, Жәмила Бақбергенова (72 келіге дейін) алтын медаль үшін күрессе, Тыныс Дубек (62 келіге дейін) пен Гауһар Мұқатай (65 келіге дейін) қола жүлде үшін белдеседі.


Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: