Зейнеп Баянова күрестен елордадағы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды
Сурет: olympic.kz
Қазақстандық балуан Зейнеп Баянова Астанада өтіп жатқан әйелдер күресінен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Отандасымыз 50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын үшін өткен белдесуде Беларусь өкілі Наталья Варакинадан басым түсті. Кездесу 6:1 есебімен аяқталды.
Айта кетейік, Зейнеп Баянова жуырда Жапонияда өткен 2026 жылғы Азия ойындарында да қола жүлдеге ие болған еді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript