Қазақстанда шайбалы хоккейден әйелдер арасында Азия чемпионаты өтеді

Қазақстанда шайбалы хоккейден әйелдер арасында Азия чемпионаты өтеді, сурет - Zakon.kz жаңалық 17.10.2025 20:50 Сурет: olympic.kz
5-8 қараша аралығында Өскемен қаласында шайбалы хоккейде әйелдер арасында Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан құрамасы жүлде үшін Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея командаларымен кездеседі.

Әйелдер арасындағы алғашқы құрлықтық турнир былтыр Қытайда өткен болатын. Сол кезде отандастарымыз корейлік хоккейшілерді айыпсоққы сериясында ұтып, қиын кездесуде жеңісті жұлып алып, қола медаль иеленген еді.

Кейін қос құрама биыл ақпанда өткен Азия ойындарында қайта жолықты. Ол жарыста қазақстандық хоккейшілер плей-офф кезеңінде Қытай мен Корея командаларын жеңіп, күміс медальға қол жеткізді.

Әйелдер арасында Халықаралық федерация рейтингінде ең жоғары орында тұрған жапониялықтар алтын медаль жеңіп алды. Сондай-ақ олар іріктеу турнирінде топ жарып, 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына жолдама алған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: