Үстел теннисінен Азия чемпионатына Қазақстан атынан кімдер қатысатыны белгілі болды

Үстел теннисі, Азия чемпионаты, Үндістан, Қазақстан құрамасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.10.2025 18:21 Сурет: ҚР ҰОК
11-15 қазан аралығында Үндістанның Бхубанешвар қаласында үстел теннисінен Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарысқа Бангладеш, Гонконг, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қатар, Қытай, Корея, КХДР, Қырғызстан, Макао, Малайзия, Мальдив, Моңғолия, Непал, Оман, Сингапур, Таиланд, Тайбэй, Өзбекстан, Шри-Ланка және Жапония құрамалары қатысады.

Қазақстан құрамасының сапында Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжіғұлов, Ескендір Харки, Санжар Жұбанов, Зәуреш Ақашева, Сарвиноз Миркадирова, Әнел Бақыт, Жанерке Көшкімбаева және Альбина Жақсылықова өнер көрсетеді.

Бұған дейін үстел теннисінен Қазақстан құрамасының өкілі Алан Құрманғалиев Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан China Youth Smash турнирінің ширек финалында жеңіске жеткенін жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: