Amanvibe.kz басылымының мәліметінше, 18 жастағы футболшы бірнеше күннен кейін жаттығуға кіріседі. Сатпаев жарақатынан кейінгі қалпына келу кезеңін қазақстандық футболшыға құқықтары тиесілі Лондонның "Челси" клубының базасында өткізді.
Сатпаев жарақатын 3 қыркүйекте Чемпионшиптің төртінші турында өткен матчта алған. "Бернли" келесі кездесуін 10 қазанда сырт алаңда "Уотфордқа" қарсы өткізеді.
Осы уақытқа дейін шабуылшы команданың жалпы тобына қосылады.
Қазақстандық футболшы Англия клубының сапында әзірге төрт матч өткізді. Оның үшеуі Чемпионшипте, біреуі Англия лигасы кубогында өтті.
Бұған дейін Дастан Сатпаевтың Англияда Қазақстан құрамасындағы әріптестерімен кездескені белгілі болған еді.