Азия ойындарында Өзбекстан Қазақстанмен теңесіп келеді
Сурет: ҚР ҰОК
Айти мен Нагояда өтіп жатқан Азия ойындарында жарыстың бесінші күні аяқталды. 24 қыркүйекте Қазақстан құрамасы жеті медаль жеңіп алды: бір алтын, үш күміс және үш қола, деп хабарлайды Zakon.kz.
Sportarena.kz жазуынша, бұл күні Қазақстан қоржынына Владислав Яковлев пен Иван Чернухин ("алтын" – академиялық есу), Абдурашид Абдуллаев ("күміс" – ушу-саньда, 75 келіге дейін), Милад Карими ("күміс" – спорттық гимнастика, еркін жаттығу), Кирилл Проходов ("күміс" – семсерлесу, рапира), Ольга Шмелева мен Татьяна Токарницкая ("күміс" – қосарлы байдарка), Сергей Емельянов пен Тимофей Емельянов ("қола" – қосарлы каноэ) медаль әкелді.
Медальдар есебінде көш бастап тұрған үш ел:
- 1. Қытай: 80 алтын, 30 күміс, 20 қола = 130 медаль.
- 2. Жапония: 20 алтын, 34 күміс, 37 қола = 91 медаль.
- 3. Оңтүстік Корея: 10 алтын, 12 күміс, 28 қола = 50 медаль.
- ... 4. Қазақстан: 8 алтын, 8 күміс, 9 қола = 25 медаль.
- ... 5. Өзбекстан: 6 алтын, 12 күміс, 8 қола = 26 медаль.
- ... 13. Тәжікстан: 2 алтын, 1 күміс, 1 қола = 4 медаль.
- ... 25. Қырғызстан: 0 алтын, 1 күміс, 3 қола = 4 медаль.
- ... 28. Түрікменстан: 0 алтын, 1 күміс, 0 қола = 1 медаль.
Бұған дейін Қазақстан құрамасының Азия ойындарының төртінші күнінің қорытындысы бойынша жеті медаль жеңіп алғаны туралы жазған едік.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript