Sportarena.kz мәліметінше, Қазақстан әйелдер құрамасы шахмат Олимпиадасының сегізінші турында Үндістанмен 2:2 есебімен тең түсті.
"Баршаңызға сәлем! Бүгін Үндістанмен тең ойнадық. Матчта жеңуіміз керек еді, бірақ сәл ғана жолымыз болмады. Шынымды айтсам, күшім таусылып бара жатыр. Алайда біз үшін өте маңызды соңғы үш партия қалды. Ертең Моңғолиямен қара түспен ойнаймыз. Міне, осылай. Бұл аяқталмайтын, өте ұзақ Олимпиада болып бара жатыр. Командамыз жақсы, мүмкіндігіміз бар, бар күшімізді саламыз", – деді Асаубаева Telegram-дағы арнасында.
Сегіз турдан кейін Қазақстан құрамасы 14 ұпаймен екінші орында тұр. Бірінші орында – 15 ұпай жинаған Қытай құрамасы. 2026 жылғы шахмат Олимпиадасының аяқталуына әлі үш тур бар.
Бұған дейін Қазақстан құрамасының шахмат Олимпиадасының сегізінші турында Үндістанмен тең түскені туралы жазған едік.