Астанада конькимен жүгіруден Қазақстан іріктеу чемпионаты өтеді

Сурет: olympic.kz
13-15 қазан аралығында Астанада конькимен жүгіруден жекелеген қашықтықтар бойынша Қазақстан чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарыс Халықаралық конькимен жүгіру одағының (ISU) алдағы әлем кубогы кезеңдерінде ел намысын қорғайтын ересектер және жасөспірімдер арасындағы Қазақстан құрамаларын жасақтауға арналған іріктеу кезеңі болады.

Бәсекеге Қазақстанның көшбасшы конькишілері қатысады деп күтілуде. Олардың қатарында 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарына қатысқан Евгений Кошкин, Арина Ильященко, Елизавета Голубева және Кристина Силаева бар.

Сонымен қатар былтыр жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында бес алтын медаль жеңіп алған Кристина Шумекова да мұз айдынына шығады. Спортшы жаңа маусымда ересектер санатына ауысты.

Жарыс "Алау" мұз сарайында өтеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Үсік жүреді". Еліміз бойынша 28 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы

Тоқаев шахмат олимпиадасында күміс алған Қазақстан құрамасын құттықтады

Qazaqstan Media Awards аясында "Тұмар" және "Үркер" ұлттық байқауларына өтінім қабылдау басталды

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Енді жанармай сапасын бақылау үшін жанармай құю бекеттері күтпеген жерден тексерілуі мүмкін