"Үлкен дулыға" турнирлерінің үш дүркін чемпионы бұл жаңалықты Instagram парақшасында итпен түскен суретін жариялау арқылы бөлісті.
Сурет: Instagram/LenaRybakina
"Үйге қош келдің, Тоби", – деп жазды Елена Рыбакина.
US Open-2026 турниріндегі жеңісінен кейін Рыбакина Бейжіңде өткен WTA-1000 жарысының алғашқы кезеңінде күтпеген жерден жеңіліп қалған еді.
Осыдан кейін ол Ухань қаласында өтіп жатқан тағы бір WTA-1000 турниріне қатысудан автоматты түрде бас тартты.
Елена қалпына келіп, 19-25 қазан аралығында Нинбода өтетін WTA-500 турниріне дайындалып жатқанда, Уханьда Қазақстан намысын Юлия Путинцева қорғап жүр.
Қазақстанның екінші ракеткасы аталған жарыстың іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, қазір жекелей сында негізгі жеребенің екінші айналымына шығу үшін бақ сынап жатыр.