Стенд атудан әлем чемпионаты: Әсем Орынбай Қазақстанға Олимпиада жолдамасын алып берді

Сурет: olympic.kz
Стенд атудан Қазақстан құрамасының өкілі Әсем Орынбай Дохада (Қатар) өтіп жатқан әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отандасымыз "скит" бағдарламасы бойынша сынға түсіп, шешуші кезеңге шыққан сегіз спортшының арасында бесінші орынға тұрақтады.

Жүлделі орындардың барлығын Қытай спортшылары иеленді. Цзян Итинг алтын медаль жеңіп алса, Чэ Юйфэй күміс жүлдегер атанды. Ал Цзян Чаоюй қола медальға қол жеткізді. Төртінші орынды словакиялық Моника Штибрава иеленді.

Бесінші орын алғанына қарамастан, Әсем Орынбай Олимпиада нормативін орындады. 2028 жылғы Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңінің ережесіне сәйкес, әлем чемпионатында әр жекелей сайыста үш жолдама сарапқа салынады. Сонымен қатар бір ел бір ғана жолдама ала алады.

Осылайша, алғашқы үш орынды Қытай спортшылары иеленгендіктен, қалған екі жолдама Словакия мен Қазақстан өкілдеріне бұйырды.

Айта кетейік, Әсем Орынбай иеленген Олимпиада жолдамасы атаулы емес.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қарин: Соңғы жылдары Қазақстан азаматтығынан шығуға ниет білдірушілер санының азаю үрдісі сақталып отыр

Ақтауда еден жуушының шелегін тепкен мұғалім жазаланды

Қазақстанда күн жылып, ауа температурасы +27°C-қа дейін көтеріледі

37 қылмыстық іс және 104-тен астам нысан: Қазақстан Қорғаныс министрлігін тексеру қашан аяқталады

Атырауда мектепте қызға пышақпен шабуыл жасаған жасөспірім 15 жылға сотталды