Ауыр атлет Артем Антропов әлем чемпионатында үздік ондыққа кірді

zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.11.2026 18:35 Фото: zakon.kz
Нинбода (Қытай) өтіп жатқан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында ерлер арасында 110 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлделер сарапқа салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл сында Қазақстан намысын Артем Антропов қорғады.

Отандасымыз қоссайыс қорытындысы бойынша 393 келіні көтерді.

Жұлқа көтеруде Артем 167 келіні бағындырса, серпе көтерудегі үздік нәтижесі 226 келі болды. Осылайша, қазақстандық зілтемірші жалпы есепте сегізінші орынға тұрақтады.

Өзбекстан өкілі Акбар Джураев алтын медаль жеңіп алды. Ол қоссайыстың қорытындысы бойынша 432 (198+234) келі көтерді. Күміс жүлде 418 (185+233) келі көтерген ирандық Алиреза Насириге бұйырды. Ал Түрікменстан спортшысы Шахзадбек Матякубов 417 (187+230) келі көрсеткішімен үздік үштікті түйіндеді.

Айта кетейік, бұған дейін Нинбодағы әлем чемпионатында Нұрғиса Әділетұлы 95 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде күміс жүлдеге ие болған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: