Қазақстандық конькимен жүгірушілер 2026 жылғы Олимпиадада үздік ондыққа енді

Конькимен жүгірушілер Надежда Морозова мен Елизавета Голубева 2026 жылғы Олимпиадада үздік ондыққа енді, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2026 09:01 Сурет: olympic.kz
Италияда өтіп жатқан 2026 жылғы Олимпиада ойындарында конькимен жүгіруден әйелдер арасында 3000 метр қашықтықта жүлделер сарапқа салынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл бағдарламада Қазақстан атынан екі спортшы өнер көрсетті. Екеуі де үздік ондықтың қатарына енді.

Надежда Морозова 4:01.200 уақыт көрсеткішімен алтыншы болып мәреге жетті. Ал Елизавета Голубева 4:03.300 уақыт көрсеткішімен оныншы орынға тұрақтады.

Италиялық Франческа Лолобриджида Олимпиада рекордын жаңартып, алтын медаль жеңіп алды - 3:54.280. Екінші орынды норвегиялық Рагне Виклунд (3:56.540) иеленді. Ал канадалық Валери Мальте (3:56.930) үшінші болып мәреге жетті.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: