Дзюдодан жасөспірімдер арасында әлем чемпионаты: Санжар Ерұланұлы финалға шықты

Сурет: olympic.kz
Дзюдодан Қазақстан құрамасының өкілі Санжар Ерұланұлы Ташкентте (Өзбекстан) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының жартылай финалында жеңіске жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстандық балуан 100 келіге дейінгі салмақтың 1/2 финалында испаниялық Никита Юдановпен күресті.

Тартысты өткен белдесуде отандасымыз жеңісті жұлып алды.

Енді Санжар Ерұланұлы финалда жапониялық Шокей Хираномен алтын жүлдені сарапқа салады.

Айта кетейік, бұған дейін Асқар Біржанов (100 келі) пен Әділжан Жаудинов (100 келіден жоғары) қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алған болатын.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбеккерлерін марапаттады

Халқы ең жас елдер анықталды: Қазақстан нешінші орында

"Мұндай ауқым бұрын-соңды болмаған": Дубай тарихтағы ең ірі әуежай көшіне дайындалып жатыр

Димашқа Мексикада Мұхаммед Әли мен Тайсон иеленген белбеу берілді

Тоқаев Азамат Кескінбаевты қызметінен босатты