Маусымның қорытынды жарысында Қазақстан атынан Әсем Орынбай сынға түседі. Ол "скит" бағдарламасында өнер көрсетеді.
Әсем Орынбай – аталған жарысқа жолдама алған жалғыз қазақстандық спортшы. Отандасымыз маусымның соңғы додасына қатысу құқығын Алматыда өткен әлем кубогы кезеңіндегі жеңісінің арқасында иеленді.
Жарыс ережесіне сәйкес, финалға жолдамалар әлем кубогының төрт кезеңіндегі нәтижелер мен жалпы кубоктік рейтинг негізінде беріледі. Сонымен қатар 2026 жылғы әлем чемпионатының жүлдегерлері мен былтырғы әлем кубогы финалының жеңімпаздары да Римдегі жарысқа қатысу мүмкіндігіне ие болды.
Италияда барлығы 12 медаль жиынтығы сарапқа салынады.
Айта кетейік, Әсем Орынбай бұған дейін де әлем кубогының финалында топ жарған. 2023 жылы ол Дохада (Қатар) өткен жарыста алтын медаль жеңіп алған.