Транскаспий халықаралық көлік бағыты тың мүмкіндіктер есігін ашады – сарапшы

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ сарапшысы Әсел Назарбетова Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында сөз болған көлік-тасымал торабы мәселесіне тоқталып, осы бағыттағы еліміздің әлеуеті туралы айтып берді.
Мемлекет басшысының бүгінгі Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген мәселелердің бірі – еліміздің транзиттік қуатын арттыру. Қазақстанның ұтымды географиялық жағдайы, Еуропа мен Азияны байланыстыратын жол торабында орналасуы бұрыннан белгілі факті. Қазіргі күрделі геосаяси ахуал қалыптасқан тұста еліміздің аса маңызды құрлық дәлізі болуы бізге жаңа мүмкіндіктер тудырады. "Біз бұл мүмкіндікті толық пайдаланып, әлемдік маңызы бар көлік-тасымал торабына айналуымыз керек", – деп атап өтті Президент Қ.К.Тоқаев. Темір жол мен автомобиль жолының инфрақұрылымын дамыту өркендеудің басым бағыты болып қала бермек. ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ сарапшысы Әсел Назарбетова

Осы орайда ҚСЗИ сарапшысы "Транскаспий дәлізін дамытуға бағытталған Транскаспий халықаралық көлік бағыты (ТХКБ) немесе Middle Corridor Қазақстанға тың мүмкіндіктердің есігін ашатынын" атап өтті.

ТХКБ жобасы – 8 мемлекеттің аумағында 11 мың шақырымға созылған жол бағдары. Ол Қытайдың Ляньюньган портынан басталып, Еуроодаққа дейін жетеді, Қытай, Қазақстан, Каспий теңізі, Әзербайжан, Грузия, Түркия, Украина, Польша, Румыния секілді мемлекеттерді басып өтеді. Шығыс пен Батысты жалғайтын аса маңызды көлік дәлізі болып саналады. Транскаспий халықаралық көлік бағыты Қытай мен ЕО арасында жүк тасымалдаудың шынайы баламасы болуы әбден мүмкін. Әсел Назарбетова

"Көп нәрсе әрбір аймақтық ойыншының көлік саясатының белсенділігіне байланысты болатынын" айтқан маман "Қазақстан да бұдан тыс қалмауы тиіс" деп есептейді.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта қазақстандық тарап және ТХКБ Қауымдастығының басқа да мүшелері 2022 жылы бағыт бойынша жүк тасымалдау көлемі 3,2 млн тоннаға жетеді деп күтуде, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 6 есеге көп. Сонымен бірге контейнерлік тасымал екі есеге артады деп болжануда, яғни жыл қорытындысы бойынша 50 мың жиырма фут эквиваленті.

Дегенмен бұл көрсеткіштерге қол жеткізу үшін теңіз көлігінің позициясын айтарлықтай нығайту қажет. Қазақстанда жүктерді теңіз арқылы тасымалдау әлеуеті мүлдем ашылмаған деуге де болады. Ақтау және Құрық порттарының жүктемесі бар өткізу қабілетінің 23 пайызын ғана құрайды. Осы орайда Мемлекет басшысы өз Жолдауында айтқан Ақтау контейнер хабын құру жобасының жүзеге асырылуын ұзаққа созбау қажет.Әсел Назарбетова

Сарапшы "Қазақстан темір жолы" компаниясының толыққанды транзиттік-логистикалық корпорация болып қайта құрылуы да еліміздің осы саладағы әлеуетін арттыруға септігін тигізетінін" баса айтты.

Қазақстан Президент Жолдауы – 2022
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: