Пара беру қазақстандықтар үшін үйреншікті іске айналып бара жатыр. Бұл туралы брифингте ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгінде сыбайлас жемқорлық қылмыстарының сипаты өзгерді. Жемқорлар жаңа шындыққа бейімделді. Енді сыбайлас жемқорлықтың схемасы ақылды, күрделі және жүйелі бола бастады. Басқаша айтқанда, бюрократиялық кедергілер әдейі жасалып, заңды айналып өту мақсатында күрделене түседі. Бұл ретте лауазымды тұлғалардың функционалдық міндеттерінде жауапкершіліктен қашатын айлалар қарастырылған. Марат Ахметжанов
Антикор басшысы адам пара беруге мәжбүр болатын жағдайлар қолдан жасалатынын атап өтті.
Кейбір жағдайда азаматтарға пара бере салып, мәселелерін тез шеше салған ыңғайлы. Өкінішке қарай, бұл әдетке, біздің өмір салтымызға айналды. Марат Ахметжанов
Ол сөздерінің растығына деректер келтірді.
Мәселен, егер 2015 жылы "пара беру" бабы бойынша фактілер барлық тіркелген қылмыстардың тек 10%-ын құраса, 2021 жылы бұл көрсеткіш үштен бірін құрады. Яғни, адамдар саналы түрде шенеуніктерге пара береміз деп барады. Көбінесе түрлі рұқсатты алуға, мемлекеттік қызметтер мен сатып алулар үшін пара береді. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың бүкіл жүйесін қайта форматтау талап етіледі.Марат Ахметжанов
Ол қолданыстағы салалық заң күресті емес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды мақсат етіп қоятынын атап өтті.
Бұл біздің агенттіктің қазіргі атауында көрініс тапты. "Қарсы іс-қимыл" сөзінің терең мағынасы бар, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алдын алуға бағытталған қылмыстық және профилактикалық шаралар кешені. Яғни, алаяқтарды тұсаулау ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік басқарудың кемшіліктерін жою. Сондықтан сыбайлас жемқорлықтың зардаптары мен күресінен бұрын, оны жоюға көшеміз.Марат Ахметжанов