Алматы экололгия басқармасы төрағасы орынбасарының уақытша міндетін атқарушы пара алды деген күдікке ілінді

Сурет: Zakon.kz
Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алматы қаласының экология және қоршаған орта басқармасы" КММ бастығы орынбарасының уақытша міндетін ақтарушы Мұрат Жексембаевқа қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол және мекеменің басқа да қызметкерлері пара алды деген күдікке ілінді.

"Қазіргі уақытта Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Алматы қаласының экология және қоршаған ортаны қорғау басқармасы" КММ бастығы орынбасарының міндетін атқарушы М.С.Жексембаевқа және басқарманың басқа да тұлғаларына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 3-бөлігінің 2-тармағымен ("Пара алу") қылмыстық істі тергеп жатыр, – делінген 2023 жылғы 6 қаңтарда Zakon.kz редакциясының ресми сауалына берген жауапта.

Сондай-ақ ведомство өкілдері Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейтінін мәлімдеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда тағы бір жаңа айыппұл түрі пайда болуы мүмкін

Семейде ер адам аспалы көпірден құлап кетті

Көкшетауда найзағай түсіп, жеке үй отқа оранды

Мемлекеттік қызметшілердің жеке істерін жүргізу тәртібі өзгертілді

"Қазгидромет" Алматы мен Талдықорған тұрғындарына ескерту жасады