Алматыда Антикордың тағы бір өтірік қызметкері ұсталды

Сурет: Антикордың Telegram арнасы
Ол өзін Антикордың қызметкері ретінде таныстырып, жалпы қамқорлық көрсеткені үшін Алматы облысы кәсіпорындарының бірінің басшысынан 1 млн теңге сомасында ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен иемденген, деп хабарлайды Zakon.kz.

2023 жылдың 19 қаңтарында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің көмегімен 1983 жылы туған азамат Қоржыбаев Қанаттың (бұрыңғы тегі Құралұлы) өтірігі әшкереленді. Ол өзін Антикордың қызметкері ретінде таныстырып жалпы қамқорлық көрсеткені үшін Алматы облысы кәсіпорындарының бірінің басшысынан 1 млн теңге сомасында ақшалай қаражатты алаяқтық жолмен иемденді.


Жеке тінту барысында 2014 жылы таратылған қаржы полициясының қызметкерінің жеке куәлігі тәркіленді. Қолда бар мәліметтерге сәйкес, Қоржыбаев бұрын да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін, делінген хабарламада.

Оның заңсыз істері туралы ақпарат болған жағдайда 1424 Антикордың Call-орталығына хабарласу сұралады.

Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Алматы облысы
Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

"Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды". Еліміз бойынша 10 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы