Өскемен көшелеріне Wi-Fi тарататын ақылды шамдар орнатылуда

Baq.kz
Ақылды шамдар қазірдің өзінде облыс орталығының негізгі көшелерінде орнатылған.

Өскеменде көшеге Wi-Fi тарататын шамдар орнатылуда. Олар бұрынғыларға қарағанда жарық әрі 65 пайызға дейін электр үнемдегіш, деп хабарлайды Baq.kz.

Ақылды шамдар қазірдің өзінде облыс орталығының негізгі көшелерінде орнатылған.

Шамдар жарық берумен қатар Wi-Fi тарату, ұялы байланыс желісін кеңейту секілді бірнеше функцияны да қатар атқарады.

Оны орнатумен айналысқан LED Solution компаниясының өкілдері алдағы уақытта да өңірде бірлесе жұмыс істеуге ниетті. Олар бүгінге дейін Өскемендегі бес орталық көшеге екі айдың ішінде 501 көше шамын орнатқан. Компания мұндай ақылды шамдардарды ойлап тапқан америкалық Ubicell компаниясымен бірлесе жұмыс істеуде.

Бұлармен одан әрі жұмыс істеу мәселесі облыс әкімі Даниал Ахметовтің төрағалығымен өткен тараптар арасындағы кездесу барысында жан-жақты талқыға салынды.

«Біз жарық диодты шамдарды шығарумен айналысамыз. Бұрын шам ғана шығарсақ, енді күш біріктіріп олардың технологиясын, былайша айтсақ «миын» қолданып, ақылды шамдар шығарып жатырмыз. Бұл шамдар бұрынғыға қарағанда жарықтығымен қоса, 65 пайызға дейін үнемділік әкеледі», — деді шамдарды таныстыру рәсімінде LED Solution компаниясының директоры Қаныбек Айтақов.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды