Facebook рұқсатсыз 14 млн аккаунттың баптауларына өзгеріс енгізген

Baq.kz
Танымал әлеуметтік желі 14 млн адамды жеке жазбаларының көпшілік үшін қолжетімді болғанын хабардар етеді.

Facebook әлеуметтік желісі жұмысының бұзылуына байланысты көптеген қолданушының санаулы адамға көрсетуге арналған посттары барлығы үшін қолжетімді болып шықты, деп хабарлайды Baq.kz.

Танымал әлеуметтік желі 14 млн адамды жеке жазбаларының көпшілік үшін қолжетімді болғанын хабардар етеді.

Жүйе жұмысы бұзылып, авторлардың рұқсатынсыз аккаунт баптауларын өзгертіп жіберген. Осының салдарынан белгілі бір адамдар ғана көре алатын посттар мен мәліметтерді барлық желі қолданушысы көрген.

Бұл қателік жаңа қызметті іске қосып көру салдарынан туындап отыр. Facebook әкімшілігі желі қолданушыларынан кешірім сұрады.

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Facebook өкілдерінің смартфон жасайтын компанияларға қолданушылар туралы мәлімет беретіндері белгілі болған еді.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды