eGov порталына әлемнің 48 елінен DDoS-шабуыл жасалды 

Pixabay
Ағымдағы кезеңде ресурстардың жұмысына шабуылдың әсерін азайту және оны толық бұғаттау бойынша шаралар қабылдануда.

12.05.2020 жылы мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында, оның ішінде eGov.kz портал, "Е-лицензиялау" және "Электрондық үкіметтің" барлық компоненттерінде проблемалар тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz.

ҚР ҰҚК Мемлекеттік техникалық қызметімен бірлескен жедел жүргізілген жұмыс мемлекеттік сектордың интернет ресурстарына қатысты мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор ұйымдарының интернет-ресурстарының қолжетімділігіне байланысты проблемаларға алып келген шетелдік интернет сегментінен бөлінген DDoS-шабуыл тіркелгендігін көрсетті.

Шабуыл Қазақстандық интернет сегментінің интернет-ресурстарына әлемнің 48 елінен 550-ден астам IP-мекенжайлардан жүргізілді.

Ағымдағы кезеңде ресурстардың жұмысына шабуылдың әсерін азайту және оны толық бұғаттау бойынша шаралар қабылдануда.

Бұл дербес деректердің компрометациясы анықталмағанын қосымша хабарлаймыз.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Жауын-шашын түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 17 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Азаматтардың өтініші көбейді: Мемлекеттік органдар мен әкімдіктер нені талқылады

Жаңа тарихи белеске қадам басу: Қазақстанда стратегиялық даму жөніндегі сарапшылар тобы құрылды

Алматыда Сайран көлі маңынан қару мен патрондар табылды – полиция тексеруді бастады

Атырауда отыз отбасы "Отбасы банктен" баспаналы болды