Генерал-майор Кудебаев facebook-те тіркелді

Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
Енді әрбір азамат тікелей сауалдарын жолдап, пікір, өтініш, тілектерін қалдыра алады.

Алматы облысы полициясының басшысы facebook әлеуметтік желісінде тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция генерал-майоры Серік Кудебаев әлеуметтік желіде өз аккаунтын ашты. Ведомства басшысының айтуынша, бұл - "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру, сондай-ақ ішкі істер органдарының сервистік модельге көшу кезеңдерінің бірі.

"Бүгінгі күні Алматы облысы Полиция департаменті мен халық арасындағы коммуникация арналарын кеңейту мақсатында және қолданыстағы фейсбук әлеуметтік желісіндегі аккаунттарға менің ресми парақшам қосылып отыр. Бұл - "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру, сондай-ақ ішкі істер органдарының сервистік модельге көшу кезеңдерінің бірі. Бұдан былай әрбір азамат көрсетілген алаң арқылы маған тікелей сауалдарын жолдап, пікір, өтініш, тілектерін қалдырып, оған толық жауап пен қажет болған жағдайда білікті көмек ала алады. Айта кету керек, қазіргі таңда Алматы облысы полициясының Instagram, ВКонтакте, Фэйсбук әлеуметтік желілеріндегі парақшалары белсенді түрде жүргізілуде және сәйкесінше оның он мыңдаған жазылушылары да бар. Құқық бұзушылықтарды анықтау және қылмыстарды ашу кезінде де әлеуметтік желілердің мүмкіндіктері кеңінен пайдаланылады", - деді генерал-майор Кудебаев.

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды