Қазақстанда майнингке салық 10 есе өседі

Сурет: pixabay
Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантиров еліміздегі майнингке салынатын салықтың бірнеше есе өскені туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі
Майнингке салынатын салықты көбейту тапсырмасын орындау мақсатында министрлік тиісті тәсілдер әзірлеуде. Бүгінгі таңда 640 МВт-қа жуық электр қуатын ресми тіркелген майнинг компаниялар тұтынады. Атап өтейік, «көлеңкелі» майнингте ресми тіркеуді талап етеді. Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантиров

Сонымен бірге, оның айтуынша, майнингтік компаниялар электр энергиясын тікелей энергия өндіруші ұйымдардан немесе энергиямен қамтамасыз етілмейтін ұйымдардан тұтынады. Мұның басты себебі – тарифтің тартымдылығы.

Осыған байланысты министрлік энергия өндіруші ұйымдардың тұтынушылары үшін басқа тұтынушылар топтарына қарағанда жоғары тарифтер белгілеу мақсатында олардың жекелеген тобын анықтау мәселесін қарау ұсынылады. Бүгінгі күні Ұлттық экономика министрлігі мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы орындаудың тәсілдерін әзірледі. Әлібек Қуантиров

Жиында майнингктік кәсіпорындар тұтынатын 1 киловатт электр энергиясы үшін салық мөлшерлемесін 1 теңгеден 10 теңгеге дейін көтеру ұсынылып жатқаны туралы слайдтар көрсетілді. Майнингшілердің электр энергиясын тікелей энергия өндіруші ұйымдардан және реттелмейтін энергиямен жабдықтаушы ұйымдардан сатып алуының басты себебі – тартымды тариф. Сондықтан майнингтерді энергия өндіруші ұйымдардың жеке тұтынушылар тобына бөліп, кейін оларға жоғары тарифтер белгілеу ұсынылып отыр.

Қазақстан
Нұр-Сұлтан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Қазақстандық балуан Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатының қола медалі үшін бақ сынайды