Telegram-да stories пайда болды

Сурет: unsplash
Telegram мессенджерінде жаңа мүмкіндік – stories іске қосылды. Ол экранның жоғарғы жағында орналасқан және тек премиум жазылымының иелеріне ғана қолжетімді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тамыз айынан бастап бұл мүмкіндік барлығына қолжетімді болады. Әзірше адамдар басқа аккаунтқа жазылмаса да, олардың историясын көре алады.

Stories жариялау үшін қолданбаның жоғарғы жолағында – "Хабар жазу" түймесінің жанындағы белгішені басу керек. Ол барлық пайдаланушыға, барлық контактіге немесе алдын ала таңдалған контактіге немесе "жақын достарға" қол жетімді болуы мүмкін.

Фото мен видеоны өңдеп, әсемдеп, оның қолжетімді болу ұзақтығын – 6, 12, 24 немесе 48 сағат деп белгілеп, жариялауға болады.

Фото мен видеоларды, соның ішінде алдыңғы және артқы камераларда бір уақытта түсірілгендерді жариялауға болады. Фотоға мәтін жазуға болады. Басқа пайдаланушыларды белгілеуге болады.

26 маусымда Telegram негізін қалаушы Павел Дуров маусым айының соңында жаңа функция пайда болатыны туралы хабарлады. Содан кейін ол пайдаланушылар әр stories-ті кім көре алатынын анықтай алатынын атап өтті: барлығы, тек контактілер, бірнеше таңдалған контактілер немесе жақын достар.

Бұған дейін WhatsApp контактілерді сақтамауға мүмкіндік беретін функцияны енгізген еді.

Қызықты

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі