Енді WhatsApp-та ортақ чаттарды атаусыз ашуға болады

Сурет: pixabay
WhatsApp аноним топтар құру мүмкіндігін енгізіп отыр. Ал бұрын жаңа топ құрғанда оған атау беру керек еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Енді пайдаланушылар жаңа топтың атын ойластырып үлгермесе және тез арада чат ашу керек болса, оны аноним етіп те аша алады. Бұл туралы WABetaInfo жазды. Дегенмен мұндай топтағы қатысушылардың саны алты адамнан аспауы керек. Ал кәдімгі WhatsApp тобында 1024 адам бола алатын еді.

Сонымен қатар ортақ чаттар оған қосылған пайдаланушылар негізінде динамикалық түрде аталады. Телефонда контактілерді сақтағанына немесе сақтамағанына байланысты топтың атауы әр мүше үшін түрлі болып көрінеді. Контактілерін сақтамаған адамдармен аты аталмаған топқа қосылсаңыз, топ атауында нөміріңіз көрінеді.

Жаңа мүмкіндік жақын достар мен отбасыларға көбірек бағытталған болуы мүмкін. Бұл мүмкіндік алдағы бірнеше аптада бүкіл әлем бойынша пайдаланушыларға қолжетімді болады.

Қазақстан
АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бүгін түндердің сұлтаны - Қадір түні: дұғалар мен амалдар жиынтығы

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Тоқаев референдум ашық әрі әділ болғанын айтты

Тоқаев: Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді

Рамазан-2026, Ораза және Құрбан айт: Қазақстандағы діни мерекелер кестесі жарияланды