Apple компаниясы iPhone бағасын күрт көтеруі мүмкін

Фото: pexels
Apple корпорациясы жад тапшылығына байланысты көктемге қарай смартфондарының бағасын көтеруге мәжбүр болуы ықтимал. Алдын ала болжам бойынша, iPhone 18 моделі iPhone 17-ге қарағанда 100 долларға қымбат болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Appleinsider басылымының мәліметінше, сараптамалық материалда мамандар жад нарығындағы дағдарыстың iPhone өндірісінің экономикасына тигізетін әсерін талдаған.

Morgan Stanley сарапшылары жыл басы Apple үшін смартфондардың жоғары сатылымының арқасында сәтті өтіп, алайда кейін компания құрылғылардың бағасын көтеруге мәжбүр болады деп болжап отыр.

Материалда Apple-дің қолында арзан NAND-жадтың жеткілікті қоры бар екені, сондықтан әзірге жаңа көлемде сатып алу қажеттілігі жоқ екені айтылған. Дегенмен наурыз айында аяқталатын бірінші тоқсанның соңына қарай IT-алпауыт баға саясатын қайта қарауы мүмкін.

Өндіріс шығындарының өсуіне байланысты Apple болашақ iPhone 18 сериялы смартфондарының бағасын шамамен 100 долларға (50 315 теңге) көтереді деп күтілуде.

Morgan Stanley аналитиктерінің пікірінше, жылдың бірінші тоқсанында NAND-жад бағасы алдыңғы тоқсанмен салыстырғанда 55–60 пайызға, ал мобильді DRAM-жад бағасы 53–58 пайызға қымбаттайды.

Бұған дейін әуеде құстай қалықтайтын автокөлік өндірісі басталғанын жазғанбыз.

АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Қар жауып, үсік жүреді". Еліміз бойынша 2 қарашаға арналған ауа райы болжамы

"Тұман түсіп, көктайғақ болады". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Жезқазғанда өрт кезінде төрт адам арнайы құтқару қалпақтарының көмегімен құтқарылды

Алматыда жүргізушілерді наразылық акциясына шығуға үндеген ер адам 15 тәулікке қамалды

Биыл Абай атындағы мемлекеттік сыйлық ешкімге бұйырмайтын болды