Дрондар алып көпірлерді құлатуы мүмкін

Сурет: wikipedia
Қытай ғалымдары елдегі ірі аспалы көпірлердің біріне дрон арқылы жасалатын шабуылды модельдеп, маңызды көлік нысандарының заманауи соғыс тактикасы жағдайындағы осалдығын бағалады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Naked Science мәліметінше, ғалымдар дәл бағытталған соққының шағын дрон арқылы көпірдің толықтай опырылуына әкелуі мүмкін екенін анықтаған. Зерттеуде бортында небәрі 30 келі тротил баламасындағы жарылғыш заты бар дрон қарастырылған.

Ғалымдардың айтуынша, Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс барысында көпірлерге жасалған дәл соққылар соғыс сипатының өзгергенін көрсетті: жаппай атыс қаруын қолданудың орнына дәлдігі жоғары соққылардың маңызы артып келеді. Бұрын шабуыл жасау қиын болған көпір сияқты нысандар енді дәлдігі жоғары соққылардың негізгі нысанасына айналуы мүмкін.

"Бұл оқиғалар заманауи көпірлердің жарылғыш заттарды қолданатын дәстүрлі емес шабуылдарға өте осал екенін анық көрсетеді", – деп есептейді зерттеушілер.

Бұған дейін Қытайдың Жердің айналуына әсер ететін тағы бір алып су электр станциясын салып жатқаны хабарланған болатын.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Димаш Құдайберген егде жастағы жанкүйеріне қол ұшын созды

Тоқаев Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігін құру туралы жарлыққа қол қойды

Жоғары аудиторлық палата мүшелері тағайындалды – Тоқаевтың жарлықтары жарияланды

Мемлекет басшысы "Жасанды интеллект туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Қазақстанның 14 қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай күтіледі: тізімде Астана мен Алматы бар