Түркия азаматтарына Қазақстан аумағында 90 күнге дейін визасыз жүруге рұқсат берілді

Сурет: pixabay
Түркия азаматтарына Қазақстан аумағында 90 күнге дейін визасыз жүруге рұқсат берілді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Анкарада өткен Қазақстан-Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің V-ші отырысында айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аталған жоғары деңгейдегі отрыста тараптар қорғаныс өнеркәсібі, ақпараттық технология, жасанды интеллект, қаржы, азаматтық авиация, мәдениет, білім, денсаулық сақтау және туризм салаларындағы ынтымақтастық перспективасы жөнінде егжей-тегжей пікір алмасты. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде еліміз ашық әрі сенімді серіктес ретінде түрік инвесторларын қолдауға әрқашан дайын екенін баса атап өтті.

Бұдан бөлек, Президент туризм саласындағы оң үрдісті қолдау, сондай-ақ сан қырлы екіжақты байланыстарды ілгерілету үшін Түркия азаматтарына Қазақстан аумағында 90 күнге дейін визасыз жүруге рұқсат беру туралы шешім қабылданғанын жеткізді.

Айта кетсек, 2025 жылы 29 шілдеде Анкарада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан-Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің V-ші отырысын өткізді

Оған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөз жүргізгені хабарланған.

Жалпы, Мемлекет басшысының Анкараға ресми сапарының аясында 18 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды.

Түркия

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды