Мемлекет басшысының Түркияға сапары аясында қанша және қандай құжаттарға қол қойылды

Қол қою, Анкара, Тоқаев, Ердоған, бірлескен декларация, құжаттар, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2025 21:43 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысының Анкараға ресми сапарының аясында 18 үкіметаралық және ведомствоаралық құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған жүргізген келіссөздерінің нәтижесінде, Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі бесінші отырысының қорытындысы бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесі бесінші отырысының шешімін және Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасында Бірлескен декларация қабылданды, делінген Ақорда хабарламасында.

Айта кетсек, 2025 жылы 29 шілдеде Анкарада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайип Ердоған Қазақстан-Түркия Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің V-ші отырысын өткізді.

Оған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөз жүргізгені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: