Тоқаев Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөз жүргізді

Келіссөз, Анкара, Қасым-Жомарт Тоқаев, Түркия Президенті, Режеп Тайип Ердоған, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.07.2025 20:01 Сурет: Ақорда
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 29 шілдеде Анкарада Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі дамыту перспективасын жан жақты талқылады, делінген Ақорда хабарламасында.

Сондай-ақ сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға баса мән берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев қонақжайлық танытқаны үшін Түркия Президентіне алғыс айтты.

Режеп Тайип Ердоған екі ел арасындағы қарым-қатынасты жаңа әрі сапалы деңгейге шығаруға дайын екенін растады.

Бұған дейін Түркия Республикасына ресми сапармен келген Қасым-Жомарт Тоқаевты Анкарадағы Президент сарайында салтанатты қарсы алу рәсімі өткені хабарланған.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: