Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында қандай құжаттарға қол қойылды
Сурет: akorda.kz
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммиті аясында 12 құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммиті аясында қол қойылған құжаттар тізімі:
- Астана Актісі;
- Түркі мемлекеттері ұйымы 10-шы саммитінің декларациясы;
- Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевті "Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен" марапаттау туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
- Түркі әлемінің қаржы орталықтары мәртебесін беру туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
- Түркі ынтымақтастығы ұйымдарының жаңа туларын қабылдау туралы шешім;
- Тағайындаулар туралы мемлекеттер басшыларының шешімі;
- Экономикалық ынтымақтастық ұйымына Түркі мемлекеттері ұйымының байқаушы мәртебесін беру туралы шешім;
- 6 ақпан – Табиғи апаттар құрбандарын еске алу және Түркі мемлекеттері ұйымының ынтымақтастығы күні деп бекіту туралы шешім;
- Түркі мемлекеттері ұйымы Хатшылығының бюджетін басқару ережесі туралы шешім;
- "Түркі мемлекеттері ұйымы Тұрақты өкілдері жөніндегі ережені" әзірлеу туралы шешім;
- Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттердің тиісті мекемелері арасындағы метрология саласындағы ынтымақтастық туралы хаттама;
- Түркі мемлекеттері ұйымының 2023-2027 жылдарға арналған көлік байланысы бағдарламасын іске асыру жөніндегі бірлескен іс-шаралар жоспары (жол картасы).
3 қарашада Астанада өткен Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) саммитінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан ұйымға ресми түрде төрағалық ететінін мәлімдеді.
Бұған қоса мемлекет басшысы Түркі мемлекеттері ұйымының 10-саммитінде жасаған баяндамасында Қазақстан ұйымға төрағалық ету кезеңінде ең басты сегіз мәселеге басымдық беретінін айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript