Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрландыру орталығын құруды ұсынды

Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті, Өзбекстан, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.11.2022 12:01 Сурет: akorda.kz
11 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитінде сөйлеген сөзінде Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрландыру орталығын құруды ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ол орталықты Астана хаб халықаралық технопаркінің базасында құру қажет екенін айтты.

Президент сондай-ақ бұл құрылым сауда, көлік, су ресурстары, ақпараттық қауіпсіздік және басқа да салаларға қажетті цифрлық шешімдер әзірлеуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Оған қол жеткізу үшін Түркі елдерінің Венчурлық қорын құруды ұсынды. Президенттің сөзінше, сол арқылы маңызды старт-ап жобаларға инвестиция тартуға жол ашылады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: