Тоқаевтың сапары барысында Қазақстан мен Сингапур қандай құжаттарға қол қойды
Ақорданың Telegram арнасы қол қойылған құжаттардың тізімін жариялады:
1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Сингапур Республикасының Үкіметі арасындағы экономикалық ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі мен Сингапур Республикасының Ішкі істер министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум;
3. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Сингапур Республикасының Әділет министрлігі арасындағы зияткерлік меншік құқықтарын қорғау саласындағы ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі мен Сингапур Республикасының Әділет министрлігі арасындағы құқықтық ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
5. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Сингапур Республикасының Білім министрлігі арасындағы жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
6. Қазақстан стандарттау және метрология институты мен Enterprise Singapore компаниясы арасындағы Сингапур стандарттарын тарату және аудару жөніндегі ынтымақтастық туралы келісім.
Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапур президенті Тарман Шанмугаратнамның Астана сарайына келгені хабарланған болатын. Мемлекет басшысын Президент Тарман Шанмугаратнам қарсы алды. Сингапур Президентімен келіссөздерден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев елдің Премьер-Министрімен кездесті. Олардың сапар барысында қол қойылған құжаттар алмасу рәсіміне қатысқаны атап өтілді.