Тоқаевтың Сингапурға мемлекеттік сапары аяқталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Сингапур Республикасына мемлекеттік сапары аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Еске салайық, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 23-24 мамыр күндері Президент Тарман Шанмугаратнамның шақыруымен Сингапур Республикасына мемлекеттік сапармен барды.
Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапурдың жоғары басшылығымен, халықаралық ірі компаниялардың жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізді және Қазақстан-Сингапур бизнес форумының жұмысына қатысты.
Мемлекет басшысы "Қазақстан және орта державалардың рөлі: қауіпсіздікті, тұрақтылық пен орнықты дамуды ілгерілету" атты тақырыпта дәріс оқыды.
Тоқаев Қазақстан-Сингапур ректорларының "Ғылым мен жоғары білім саласындағы әріптестіктің жаңа шыңы" атты форумына қатысты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript