Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аяқталды

Тоқаев Мирзиеев, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.12.2022 20:43 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеев Қасым-Жомарт Тоқаевты шығарып салды.

Қазақстан Президенті Шавкат Мирзиеевке мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны үшін ризашылығын білдірді. Оның айтуынша, Өзбекстан ұзақ жылдар бойы Қазақстанның осы аймақтағы басты стратегиялық серіктесі болды, ал бүгінде сенімді одақтасқа айналды.

Еске салайық, Қазақстан Президенті 21-22 желтоқсан күндері Өзбекстанға мемлекеттік сапармен барды.

Тоқаев сапарының екінші күнінде Мирзиеевпен бірге Төле би кесенесіне зиярат етті.

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді.

Тоқаев пен Мирзиеев қазақ-өзбек шекарасын демаркациялау туралы шартқа қол қойды.

Тоқаев сонымен бірге Абайдың шығармашылығына арналған Ташкенттегі көрмеге барды.

Қазақстан мен Өзбекстан Президенттері БАҚ өкілдері үшін бірлескен брифинг өткізді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: