Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға ресми сапары аяқталды

Ресми сапар, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.11.2022 19:16 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Францияға ресми сапары аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты Париж әуежайынан шығарып салу рәсімінің видеосын жариялады.

29 қарашада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Парижге ресми сапармен барды. Келіссөздер барысында ол Франция Президентін Қазақстанға келуге шақырды.

Эммануэль Макарон Қазақстанда 2024 жылы француз тілін оқытатын жаңа мектептер ашылатынын мәлімдеді.

Сурет: akorda.kz

30 қарашада Тоқаев Экономикалық ынтымақтастық және Даму ұйымының Бас хатшысы Матиас Корманмен кездесу өткізді. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қойылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: