Қасым-Жомарт Тоқаевтың Самарқандқа жұмыс сапары аяқталды
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Самарқандқа жұмыс сапары аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Мемлекет басшысын әуежайдан Өзбекстанның Премьер-министрі Абдолла Арипов шығарып салды.
15 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің саммитіне қатысу үшін жұмыс сапарымен Самарқанд қаласына барды. Осы күні Қасым-Жомарт Тоқаевты "Silk road" туристік орталығында Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алып, ол арада Қазақстан Президенті Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше-мемлекет басшыларымен бірге ағаш отырғызды, Самарқандтағы "Мәңгілік қала" кешенінде болды, бейресми әңгіме жүргізді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript