Тоқаевтың Алматыға сапары аяқталды

Ақорда, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2021 03:04 Ақорда
Мемлекет басшысы Алматы қаласына жұмыс сапарының соңында Alatau Creative Hub инновациялық орталығына барды. Нысан «Шетсіз қала» стратегиясын жүзеге асыру аясында былтыр желтоқсан айында ашылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Орталықта компьютерлік бағдарламаларды жасауды үйренуге, креативті индустрияны дамытуға, шығармашылық әлеует пен виртуалды өнерді дамытуға мүмкіндік бар. Жалпы мұнда түрлі бағыттар бойынша 25 үйірме тегін жұмыс істейді. Президентке кітапхана, балалардың ойын алаңы, вокал студиясы, IT зертхана, электр техникасы мен робот техникасы залдары, дәстүрлі музыкаға арналған мультимедия орталығы таныстырылды, делінген Ақорда хабарламасында.

Бұдан бөлек Мемлекет басшысына цифрландыру құралдарын қолдануға, креативті индустрияны дамытуға арналған презентациялар көрсетілді.

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Президентке қаланың көлік жүйесін дамыту жөнінде баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев орталық қызметкерлерімен және онда келушілермен әңгімелесіп, суретке түсті, сондай-ақ олардың жұмысына табыс тіледі.

zkadm
Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: