Тоқаевтың Ресейге жұмыс сапары аяқталды

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.12.2023 01:24 Сурет: akorda
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресей Федерациясына екі күндік жұмыс сапары аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың баспасөз қызметі Тоқаевтың екі күндік сапарынан қорытындылап, видео жариялады.


Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 23 желтоқсанда Ресей президенті Владимир Путиннің шақыруымен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысу үшін Санкт-Петербург қаласына барды.

Мемлекет басшысы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шағын құрамдағы отырысына және отырыстың өзіне қатысты.

Президент Санкт-Петербург қаласындағы бірқатар мәдени нысанға барды.

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД-ға мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне де қатысты.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: