Тоқаевтың Түркияға жұмыс сапары аяқталды
Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына жұмыс сапары аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі Түркия тарапының Қазақстан Президентін шығарып салған сәтінің фотоларын жариялады.
Сурет: akorda.kz
Сурет: akorda.kz
Сурет: akorda.kz
Сурет: akorda.kz
Сурет: akorda.kz
Еске салайық, кеше, 15 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барды.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған "Кулие" резиденциясында қарсы алды. Ердоған шақыруын қабыл алып, Анкараға келгені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.
Екіжақты келіссөз аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Конгресс орталығына бірге барған.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға үлкен ауыртпалық әкелген аса жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандардың туған-туыстарына және бүкіл Түркия халқына тағы да көңіл айтты. Президент апат аймағында Қазақстанның әлеуметтік нысан салып беруге дайын екенін айтты.
Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінің қорытындысы бойынша бірнеше құжатқа қол қойылды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript