Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға мемлекеттік сапары аяқталды

Мемлекет басшысы, Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстан, мемлекеттік сапар, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2025 17:29 Сурет: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Өзбекстанға жасаған мемлекеттік сапары аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысын "Ташкент-Хумо" әуежайынан Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев шығарып салды", деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі 2025 жылы 16 қарашада.

Қоштасу, Ташкент, әуежай, Қасым-Жомарт Тоқаев, Шавкат Мирзиеев, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2025 17:29

Сурет: Ақорда

Шавкат Мирзиеев, Ташкент, әуежай, Қасым-Жомарт Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2025 17:29

Сурет: Ақорда

Қазақстан президентінің Өзбекстандағы мемлекеттік сапары үш күнге созылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Ташкент, әуежай, қоштасу, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.11.2025 17:29

Сурет: Ақорда

Айта кетсек, 2025 жылғы 14 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ташкентке ресми сапармен барған болатын. 15 қарашада Мемлекет басшысы Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевпен келіссөз жүргізді.

Тоқаев пен Мирзиеев Жоғары мемлекетаралық кеңестің екінші отырысына қатысты. Президенттер келіссөздердің және Қазақстан мен Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады

16 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылы 16 қарашада Ташкентте Орталық Азия мемлекеттері басшыларының VII Консультативтік кездесуіне қатысты. Ташкентте Орталық Азия мемлекеттері басшылары бірқатар маңызды құжаттарға қол қойды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: