Тоқаев Мирзиеевмен келіссөз жүргізді

Тоқаев Мирзиеевмен келіссөз жүргізді, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2025 10:35 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиеевпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиеевке Ташкентке мемлекеттік сапармен келуге шақырғаны және дәстүрлі қонақжайлық танытқаны үшін ризашылығын білдірді.

Кездесу барысында мемлекеттер басшылары қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі дамыту перспективасын егжей-тегжейлі талқылады.

Сурет: akorda.kz

Президенттер сауда, өнеркәсіп кооперациясы, көлік-логистика, энергетика, ауыл шаруашылығы, су ресурстары секілді басым бағыттардағы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты нығайту мәселелерін қарастырды.

Сонымен қатар өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері жөнінде пікір алмасты.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан gрезиденті Шавкат Мирзиеевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барғанын хабарлаған едік.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Қазақстан мен Өзбекстанның әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары бір-біріне екі елдің ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Қазақстан және Өзбекстан президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев "Ташкент-Хумо" әуежайында әңгімелесті.

Бүгін, 15 қарашада Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеевтің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: