Тоқаев пен Мирзиеев "Ташкент-Хумо" әуежайында әңгімелесті

Тоқаев пен Мирзиеев "Ташкент-Хумо" әуежайында әңгімелесті, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.11.2025 17:01 Сурет: akorda.kz
Қазақстан және Өзбекстан президенттері Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев "Ташкент-Хумо" әуежайында әңгімелесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақорданың хабарлауынша, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев қазақ-өзбек стратегиялық серіктестігі мен одақтастығын одан әрі тереңдету жөнінде пікір алмасты.

Еске салайық, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан gрезиденті Шавкат Мирзиеевтің шақыруымен Ташкентке мемлекеттік сапармен барғанын хабарлаған едік.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті.

Қазақстан мен Өзбекстанның әнұрандары шырқалып, Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді.

Салтанатты рәсімнен кейін мемлекеттер басшылары бір-біріне екі елдің ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Сапар бағдарламасына сәйкес ертең президенттер келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеевтің төрағалығымен Қазақстан-Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесінің екінші отырысы өтеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: