Тоқаев пен Мирзиеев қандай құжаттарға қол қойды

Тоқаев пен Мирзиеев қандай құжаттарға қол қойды, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.11.2025 13:23 Сурет: akorda.kz
Президенттер келіссөздердің және Қазақстан мен Өзбекстан Жоғары мемлекетаралық кеңесі екінші отырысының қорытындысы бойынша Бірлескен мәлімдеме қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиеев келесі құжаттарға қол қойды:

1. Жоғары мемлекетаралық кеңестің Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы өңірлері басшыларының кеңесін құру туралы шешімі;

2. Жоғары мемлекетаралық кеңестің геология және сирек кездесетін металдарды өндіру жөніндегі жұмыс тобын құру туралы шешімі;

3. Жоғары мемлекетаралық кеңестің трансшекаралық өзендердің су деңгейін болжау бойынша екіжақты жұмыс тобын құру туралы шешімі;

Сондай-ақ мемлекеттер басшыларының қатысуымен үкіметаралық және ведомствоаралық құжаттарды алмасу рәсімі өтті.

Еске салайық, бұған дейін президент Шавкат Мирзиеев мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Олий Даражали Дустлик" ("Жоғары дәрежелі достық") орденімен марапаттаған еді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: