Қазақстан мен Өзбекстан президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді
Сурет: akorda.kz
Ақорда Қазақстан мен Өзбекстан президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізгенін жариялады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, одақтастық қарым-қатынас туралы шартқа қол қою біздің мемлекетаралық байланыстарымыздың жоғары деңгейде екенін көрсетеді.
"Егер біз шартты тарихи маңызы бар құжат деп атайтын болсақ, бұл асыра айтқандық емес деп ойлаймын. Бұл аса маңызды құжат біз үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады және екі елдің өзара ынтымақтастықты нығайтуға деген ортақ ұмтылысын білдіреді. Бұдан бөлек, бүгін Қазақстан мен Өзбекстанның мемлекеттік шекараларын демаркациялау туралы шартқа қол қойылады. Бұл тарихи келісім Қазақстанның оңтүстігіндегі мемлекеттік шекарасын халықаралық-құқықтық тұрғыда рәсімдеу ісін толығымен аяқтайды". Қазақстан президенті
Бұған дейін екі ел президентінің шағын құрамда келіссөз жүргізгені хабарланған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript