Қазақстан мен Өзбекстан президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді
Сурет: akorda.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев шағын құрамда келіссөз жүргізгені белгілі болды, деп хабарлайды Zakon.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Қазақстан президенті Өзбекстанмен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделі екенін айтты.
"Біз Өзбекстанмен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделіміз. Қазақ пен өзбек – ежелден достығы мызғымас, сыйластығы жарасқан бауырлас халықтар. Екі елдің салт-дәстүрі, мәдениеті, тілі, діні ұқсас. Тарихы тамырлас, тағдырлас елдеріміздің мақсат-мұраты да ортақ. Сондықтан мен бүгінгі сапарға айрықша мән беремін. Біз тату көршілікке және сенімді серіктестікке негізделген қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтереміз деп сенемін. Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы ынтымақтастық неғұрлым тығыз және табысты болса, Орталық Азиядағы ахуал соғұрлым тұрақты болады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Бұған дейін мемлекет басшысын Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алғаны,президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі халықаралық конгресс орталығында өткені хабарланған еді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript